Алматыда «Baby Carrots» сұрыбы бойынша ұсақ сәбіз сататын цех іске қосылады

Жарияланды (жаңартылды )
фото: instacart.com

Алматы қаласында «Baby Carrots» сұрыбына жататын ұсақ сәбізді нарыққа шығаратын Қазақстандағы бірінші цех іске қосылады. Инвестор – «Алматы ӘКК» АҚ-ның еншілес кәсіпорны –  «Almaty Finance» ЖШС.

Жаңа жобаны атқаратын «Эко Сани Грин» ЖШС-ға 124 млн теңге қаражат бөлінген. Соның ішінде 99 млн теңге жабдық сатып алуға және ғимаратты жөндеуге, 25 млн теңге айналым қаражатын толықтыруға бағытталған.  

«Almaty Business – 2025» кәсіпкерлікті дамыту бойынша өңірлік бағдарлама аясында несие беріледі. Несие лимиті бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 6%. Жабдық сатып алу және ғимараттарды жөндеу үшін 7 жыл, айналым қаражатын толықтыру үшін 3 жыл беріледі.

Шағын сәбіз өндіру үшін шикізатты Алматы мен Жамбыл облыстарының, Өзбекстан мен Қырғызстанның шаруаларынан сатып алу жоспарлануда. Цехтің 50%-ы жұмыс істеген жағдайда, жылына 3 мың тонна дайын өнім шығарады. Жуылып, туралған сәбіз 230 және 380 грамм пакеттерде сатылады.

Қазіргі уақытта «Eco Sunny Green» ЖШС мен гипермаркеттер, сондай-ақ Алматы қаласындағы жекеменшік мектептер арасында дайын өнімді сатып алу туралы келісімдер жасасты.

«Цех қаланың Бостандық ауданында орналасады. Жергілікті өндірісті іске қосу тұтынушыларға қымбат тұратын импорт өнімдерін ауыстыруға мүмкіндік береді. 15 жаңа жұмыс орнын ашылады және жергілікті бюджетке салық түсімдерін арттырады», – деді «Almaty Finance» ЖШС басқармасының төраға орынбасары Жұлдыз Игенов.

Үкімет 2024 жылы әлеуметтік маңызды 19 азық-түлік тізімінен 9 тауарды алып тастады. 2025 жылы қалған 10 азық-түлік бағасы реттелмейді. Оның ішінде сәбіз де бар.

Айта кетейік, Антикор Түркістан облысында сәбізге қатысты фактіні әшкерелерді. Созақ ауданының білім бөлімі сәбіздің 1 келісін 16,7 мың теңгеден сатып алуды жоспарлаған. Мониторинг нәтижесінде 29 млн теңге үнемделді. 

Сондай-ақ оқыңыз