Миллиардер Владимир Ким Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмен атанды
KAZ Minerals акционері Владимир Ким Қазақстандағы ең ықпалды кәсіпкерлер тізіміне енді. Рейтинг бүгін, 9 қазанда сатылымға шыққан Forbes журналында жарияланған. Владимир Кимнің байлығы — 3,6 млрд долларды құрайды, осылайша ол ең бай қазақстандықтар тізімінде төртінші орынға жайғасты.
KAZ Minerals құрамына Павлодар облысындағы Бозшакөл және Шығыс Қазақстан облысындағы Ақтоғай, Шығыс Қазақстандағы үш жерасты кеніші және Қырғызстандағы Бозымшақ алтын-мыс кеніштері кіреді. Владимир Ким – Bank RBK акцияларының басым бөлігінің иесі.
Рейтингте екінші орында Вячеслав Ким. Ол 2023 жылғы ықпалды қазақстандықтар және 2024 жылдың ең бай рейтингінде көш басында тұрған. Кимнің байлығы 5,8 миллиард долларға бағаланып отыр. Вячеслав Ким Kaspi.kz финтехінде 23,4% үлеске ие. Сондай-ақ «Альсеко» АҚ, «Астана-EРЦ» ЖШС, «ELTOP Soft» ЖШС, «Позитив Инвест» ЖШС сияқты компанияларда акциялары бар. Ким-Magnum Cash Carry бөлшек сауда желісінің соңғы бенефициары.
Үздік үштік тізімінде Болат Өтемұратовта бар. Ол ең бай бизнесмендер рейтингінде алтыншы орында болса, 2023 рейтингіндегі ең ықпалдылар қатарында төртінші орынға жайғасқан. Өтемұратовтың байлығы 2,7 миллиард долларға бағаланды. Кәсіпкер Forte Bank-те мажоритарлы үлеске ие, Beeline байланыс операторында 25% үлесі бар. Сондай-ақ алтын өндіруші RG Gold компаниясында, Астана мен Венадағы Ritz-Carlton, Мәскеудегі The Carlton және Ақмола облысыныдағы Rixos Borovoe қонақүйлеріне иелік етеді.
Freedom Holding Corp. басшысы Тимур Турлов жыл ішінде рейтингте тағы бір сатыға көтерілді. Осылайша Турлов, төртінші орынға тұрақтады. Ол 3,3 млрд доллар байлығымен, ең дәулеттілер тізімінде бесінші орында тұр. Freedom холдингіне келесі компаниялар кіреді: «Фридом Финанс» АҚ, Freedom Bank, Freedom Insurance», Freedom Life, онлайн-супермаркет Arbuz.kz, агрегатор Aviata.kz және басқалар.
Ықпалдылар рейтингінде бесінші орында Astana Group компаниясының иесі Нұрлан Смағұлов. Ең бай кәсіпкерлер ішінде ол сегізінші орынға жайғасқан. Дәулеті 980 миллион долларды құрайтын Смағұлов Astana Motors-ты басқарады. Компания автомобиль нарығында 18 әлемдік брендті ұсынады. Айта кетейік, Смағұлов MEGA сауда орталықтары желісіне де иелік етеді.
Ең ықпалды бизнесмендердің алғашқы ондығына Михаил Ломтадзе (алтыншы орын), Шухрат Ибрагимов (жетінші орын), Тимур Құлыбаев (сегізінші орын), Андрей Лаврентьев (тоғызыншы орын) және Айдын Рахымбаев (оныншы орын) кірді.
Рейтинг әдістемесінде негізгі тізімге олардың әлеуметтік және демеушілік қызметтерін ескере отырып, елдің ең танымал және белсенді 90 бизнесмені енгізілгені айтылған. Олардың арасынан зерттеу тобы 2023 жылға арналған компаниялары төлеген капитал мен салықтардың ең жоғары көрсеткіштері бар 67 қатысушының тізімі таңдалды. Тізім алты балдық шкала бойынша бизнес өкілдерін (рейтинг қатысушыларымен байланысты емес), бизнес-қауымдастықтар басшыларын қамтитын сарапшылар пулымен бағаланды.