Ақмола облысында жүк пойызы темір жолдан шығып кеткен. Сұрған станциясындағы қозғалыс қалпына келтірілді

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Сұрған стансациясында жүк пойызының вагондары рельстан шығып кеткен / Фото: shutterstock

9 қазан, сәрсенбі күні кеште Ақмола облысында жүк пойызы темір жолдан шығып кетіп, бірнеше вагон аударылған. 10 қазан күні таңға жуық жүк вагондары аударылған Сұрған станциясындағы қозғалыс қалпына келтірілді. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Компанияның мәліметінше, апат салдары жойылған.

«Биылғы жылдың 10 қазанында сағат 3-тен 50 минут өткенде Сұрған станциясы бойынша пойыздарды өткізу үшін қозғалыс ашылды. Апат салдары жедел түрде жойылды. Есіл және Тобыл станцияларының қалпына келтіру пойызы, бес бірлік техника және 96 адам тартылды», – делінген хабарламада.

Ұлттық темір жол компаниясы оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін арнайы комиссия құрған. Көлік полициясы департаменті қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Сондай-ақ оқыңыз