Жаңалықтар

Ербаян Мұхтардың қорғаушысы істі жүргізіп жатқан тергеушінің үстінен прокуратураға шағым түсірді

Ербаян Мұхтардың ісі
Ербаян Мұхтардың қорғаушысы прокуратураға шағым түсірді / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Артур Алескеров

Әскерге кетіп, ол жақта ми жарақатын алып, комаға түскен сарбаз Ербаян Мұхтардың қорғаушысы Инга Иманбай істі тергеп жатқан полиция қызметкерінің үстінен прокуратураға арыз түсірді.

Иманбайдың айтуынша, Ербаянның ісіне тағайындалған тергеуші телефон қоңырауларына жауап бермейді. Сондықтан адвокат оның үстінен прокуратураға шағым түсірген.

«Ербаян Мұхтардың ісі бойынша тергеушіге іздеу саламын. Бұл қалжың емес. Өкінішке орай тергеу бойынша жағдай осындай болып тұр. Оқиға болғанынан бір жылға жуық уақыт өткенімен, әлі де тергеу орнынан қозғалмай тұр», – деді Иманбай.

Қорғаушының айтуынша, тергеу жүргізуге тағайындалған Уәлихан Қыдырбай әзірге тек сот медициналық сараптамасын жүргізген. Қорғаушыны фото, видео, іс материалдарымен таныстырмаған. 

Ербаян Мұхтар 6 ай бұрын әскерде жүріп, бас-ми жарақатын алғаннан кейін, комаға түскен. Министрлік оның азаматтық емханада қаралуына рұқсат бергенімен, емхана 15 тамызда сарбазды үйге шығарып жіберген. Осыдан кейін оның отбасы қазақстандықтардан көмек сұрап, Ербаянның еміне қаржы жинауға шот ашқан. Халық 140 млн теңге жинап берген

Қорғаныс министрлігі сарбаздың саулығы күрт нашарлауына байланысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 440-бабы 4-тармағының 3-бөлігіне сай қылмыстық іс қозғаған.