Lifestyle

Харуки Мураками тағы да құр қалды: Әдебиет саласындағы Нобельді кореялық жазушы Хан Ган иеленді

Әдебиет саласындағы Нобельді кореялық жазушы Хан Ган иеленді
Әдебиет саласындағы Нобельді кореялық жазушы Хан Ган иеленді / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Швеция корольдік Ғылым академиясының шешімімен 2024 жылғы Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығын Оңтүстік Корея жазушысы Хан Ган иеленді.

Академияның шешімі 10 қазанда жария болды. Қазылар алқасы автордың «тарихи азаптармен күресуге мүмкіндік беретін әрі адам өмірінің нәзіктігін бейнелейтін поэтикалық прозасын» жоғары бағалаған.

Хан Ган 1970 жылы Оңтүстік Кореяның Кванжу өңірінде дүниеге келген. Оның «Вегетариан қыз» романы 2016 жылы халықаралық Букер сыйлығын иеленген. 

«Вегетариан қыз» романы Ёнхе есімді қыздың қорқынышты түстері жайлы. Ол өз санасын тазарту үшін еттен мүлдем бас тартып, бұл әрекет оғаш оқиғалар тізбегін тудырады. Кітапты сарапшылар «еттен бас тарту туралы ғана емес, әйел адамның жан дүниесі мен қоршаған ортадағы зорлықпен күресуі» деп бағалаған.

Автордың танымал тағы бір романы «Адамның іс-әрекеті» деп аталады. Бұл студенттердің көтерілісі кезінде қайтыс болған 15 жасар бала туралы роман. Жасөспірімнің өлі денесін тасымалдауда туындаған қиындықтармен, ата-анасының ішкі жан-дүниесіндегі азабы туралы баяндалған.

Осыған дейін Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығына үміткерлер туралы жазған едік.