Lifestyle

Еркебұлан Тоқтар құны 22 млндық көлігін тағы 17 млн теңгеге жабдықтаған

Еркебұлан Тоқтар көлігін 17 млн теңгеге жабдықтаған / фото: kursiv.media

Қазақстандық актер Еркебұлан Тоқтар бағасы 22 млн теңге тұратын Jeep Grand Cherokee көлігінің үстінен қосымша тағы 17 млн теңге жұмсады, бұл туралы Kursiv Media YouTube арнасында актердің көлігіне шолу жасады.

Еркебұланның айтуынша ең көп қаражат көліктің моторын жаңартуға 4,5 млн теңге кетті. Көлікте 6,4 литрлік қозғалтқыш орнатылған. Онымен қоса 500 ат күші бар және 100 км/сағ жылдамдыққа небәрі 5 секундта жетеді. Көліктің барлық бөлшектері Америкадан арнайы тапсырыспен келген екен.

Сонымен қатар, Еркебұлан алдағы уақытта дөңгелектірінің дисктеріне тағы 3 млн теңге салуды жоспарлап отыр. Танымал актер видеода «Гелен айдайтындарды жолда қапыда қалдырамын» деп әзілдеді.

Толығырақ Kursiv Media Youtube арнасынан көре аласыз.

YouTube video player