Қазақстанның ең ықпалды бизнесмені миллиардтарды қалай тапты?

Жарияланды
Владимир Ким
Фото: kazakhmys.crealog.kz

Forbes нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмен атанған Владимир Кимнің байлығы 3,6 миллиард долларға бағаланып отыр: әлемдегі ең бай адамдар тізімінде. Кимнің байлығының негізін металлургиялық және қаржылық активтер құрайды.

Мыс – жаңа «алтын»: Кимде екеуі де бар

Владимир Ким Қазақстандағы ең ірі тау-кен кәсіпорындарының бірі болып табылатын KAZ Minerals Ltd компаниясының 63,5% акциясына иелік етеді. Компания бірнеше шахталарға иелік етеді:

• Бозшакөл – Павлодар облысындағы мыс кеніші.

• Ақтоғай – Шығыс Қазақстандағы мыс кеніші.

• Бозымшақ – Қырғызстандағы алтын-мыс кеніші.

Мыстың маңыздылығын атап өтсек, бұл ресурсқа сұраныс үнемі өсіп келеді. Алғашында мысқа энергетика саласында сұраныс көп болса, қазір оған деректер орталықтары мен жасанды интеллект қосылды. 2024 жылдың мамыр айында COMEX биржасында мыстың бағасы бір фунт үшін 5,20 долларға дейін рекордтық деңгейге жетті. Жалпы алғанда, мыс бағасының өсімі 2000 жылдардың басынан бері 500%-дан асып кетті.

Владимир Ким – RBK Bank-тің негізгі акционері. Ұлттық банктің мәліметі бойынша, 2024 жылдың қыркүйегінде банк активтерінің көлемі бойынша 10-орынды иеленді – 2,17 трлн.

Чукоткадағы шығын

Әрбір табысты бизнесменнің шығынға батқаны туралы оқиға бар. Владимир Ким Чукоткадағы (Ресей) Баимское мыс кен орнын игергісі келді. Жоба керемет перспективалы болып көрінді. Бұл – ғаламшардағы ең ірі мыс кен орны.

KAZ Minerals Роман Абрамовичтен Баимское компаниясын 900 миллион долларға сатып алып, мыс нарығындағы жаһандық ойыншы ретіндегі позициясын нығайтты. 2024 жылдың мамырында Владимир Ким серіктес Олег Новачукпен бірге жобадағы өз үлестерін ресейлік «Солтүстік Аврора» инвестициялық қорына сатты. «Рускапитал» басқаратын бұл қор қазір «Баимское» кен орнының негізгі иесі болып табылады. АҚШ санкцияларынан сескенгесін, кен орнын сатып жіберген. Бұл келісім тіпті Ресей президенті Владимир Путиннің мақұлдауын талап етті. Жобадан келген шығын 2,6 миллиард доллардан асты.

Кимнің байлығы қалай көбейді?

Владимир Кимнің дәулеті 2013 жылдан бері бір жарым есеге артқан. 2022 жылы мультимиллионердің активтері, Forbes мәліметтері бойынша, соңғы онжылдықта Кимнің активтеріндегі өзгеріс келесідей болды:

  • 2013 жыл: $2,3 млрд
  • 2014 жыл: $1,6 млрд
  • 2015 жыл: $1,7 млрд
  • 2016 жыл: $1,8 млрд
  • 2017 жыл: $2,5 млрд
  • 2018 жыл: $3,4 млрд
  • 2019 жыл: $4,5 млрд
  • 2020 жыл $4,1 млрд
  • 2021 жыл: $4,7 млрд
  • 2022 жыл: $5 млрд
  • 2023 жыл: $4,6 млрд
  • 2024 жыл: $3,6 млрд

Коммунистен миллиардерге дейін: өмірбаянындағы негізгі кезеңдер

Владимир Ким 1960 жылы 29 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданындағы Славянка (қазіргі Мырзакент) ауылында дүниеге келген.

1982 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірді.

1982-1987 жылдары «Алмаатапромстрой» тресінің СМУ-22 құрылыс бөлімінде тас қалаушы, прораб, аға прораб болып жұмыс істеді.

1987-1989 жылдары – Ленин аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, Алматы қаласы Мәскеу аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары.

1989-1992 жылдары Қазақстанның мәдени-әлеуметтік және ғылыми-техникалық даму қоры бас директорының орынбасары және атқарушы директоры қызметін атқарды.

1992-1995 жылдары – «Қазақстан-Самсунг» бірлескен кәсіпорнының басшысы.

1995 жылы мемлекет меншігіндегі «Жезқазғанцветмет» АҚ басқарушы директоры болып тағайындалды. Сол жылы Samsung «Жезқазғанцветметтің» 40 пайызын сатып алады (кейіннен оңтүстіккореялық компания жобадағы өз үлесін сатты).

1997-2000 жылдары – «Қазақмыс» корпорациясы» ААҚ президенті, директорлар кеңесінің төрағасы.

2005 жылы Kazakhmys PLC (кейін KAZ Minerals) директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

2013 жылы KAZ Minerals директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетті, бірақ директорлар кеңесінде атқарушы емес директор ретінде қалды.

2014 жылы «Қазақмыс Холдинг» ЖШС-ның президенті болды.

Сондай-ақ оқыңыз