2024 жылдың III тоқсанында елордада абаттандырылған жалдамалы үй бағасы II тоқсанмен салыстырғанда 7,5%-ға өсті. DATA HUB-тың жазуынша, бұл кем дегенде 2011 жылдан бері дәл осы кезеңде ең елеулі өсім болды.
«2023 жылдың шілде-қыркүйегімен салыстырғанда жалдау құны бірден 18,8%-ға қымбаттады. Бұл 2023 жылдың I тоқсанынан бері ең елеулі жылдық қарқын. Атап айтқанда, қыркүйек, айтпақшы, +17,6% ж/ж көрсетті, бұл шілде (18,4%) мен тамызға (20,6%) қарағанда сәл аздау», – деп жазды телеграм-арна.
Қыркүйекте 1 шаршы метр құнының өзі орта есеппен 4,7 мың теңгеге бағаланды. Бұл – Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштен 4,7%-ға жоғары. Ұзақ уақыт бойы, 2022 жылдың тамызынан бастап 2024 жылдың сәуіріне дейін елордадағы деңгей орташа республикалық деңгейден төмен болғанына қарамастан, өткен тоқсан бойы осындай алшақтық сақталды.
Ал Алматымен салыстырғанда Астанада жалдау құны бұрынғысынша арзанырақ. Яғни қыркүйекте 12,8%-ға төмен көрсеткіш тіркелді.
Тамызда Қазақстанның барлық қаласында жалға берілетін баспана бағасы қымбаттады. Ең жоғары өсім Астана, Алматы, Шымкент, Қонаев және Ақтау қалаларында байқалды. Бір айдың ішінде бұл қалалардағы жалдамалы пәтерлердің құны 5-7%-ға өсті.