Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын ядролық қарудан бас тартуға үгіттейтін жапондық ұйым алды

Жарияланды 11 Қазан 2024 14:35

(жаңартылды 11 Қазан 2024 14:35)
Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын ядролық қарудан бас тартуға үгіттейтін жапондық ұйым алды
Нобель сыйлығын ядролық қарудан бас тартуға үгіттейтін жапондық ұйым алды / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Нобель сыйлығының комиссиясы Бейбітшілік саласындағы сыйлықты жапондық Nihon Hidankyo қозғалысына берді. Ұйым көптеген жылдан бері Хиросима мен Нагасакиде атом бомбасынан зардап шеккен адамдар өмірі туралы баяндау арқылы әлем елдерін ядролық қарудан бас тартуға шақырып келеді.

11 қазанда сыйлықтың иесін жариялау кезінде Нобель комитетінің өкілі Nihon Hidankyo ұйымы ядролық державалар ядролық әлеуетін арттырып, қаруларын жетілдіріп жатқан кезде әлемнің бомбасыз болашағы үшін тынымсыз күресіп келе жатқанын алға тартты.

«Ұйым бүкіл әлемдегі адамдарды шабыттандырып, ақпарат береді. Адамзаттың болашақта қауіпсіз әлемде өмір сүруіне жағдай жасап келеді», — деді комитет өкілі.

Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы 1901 жылдан бастап 104 рет берілді. 2023 жылы осы саладағы сыйлықты Ирандағы әйелдердің құқығы үшін күресіп, түрмеге түскен Наргиз Мохаммадиге берілген еді.

10 қазанда Швеция корольдік Ғылым академиясының шешімімен 2024 жылғы Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығын Оңтүстік Корея жазушысы Хан Ган иеленген.

Сондай-ақ оқыңыз