Ердоған Түркиядағы жаппай нарызылықтан кейін, зорлық-зомбылық туралы заңды күшейтуге уәде берді

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Ердоған зорлық-зомбылық туралы заңды күшейтуге уәде берді
Ердоған зорлық-зомбылық туралы заңды күшейтуге уәде берді / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдегі әйелдерге жасалған қатігездіктерден кейін, заңға өзгерістер енгізуге уәде берді. 

Politico ақпаратына сүйенсек, әйелдерге жасалған қылмыстарға байланысты елде жаппай наразылық акциялары өткен. 2024 жылдың өзінде-ақ Түркияда 300-ге жуық әйел кісі қолынан қаза тапқан. Наразы топ биліктегі «Ақ» партия мәселеге көңіл бөлмей отырғанын айтқан.

Қыркүйекте 19 жастағы Семих Челик есімді азамат Ыстанбұлда Икбал Узунер есімді әйелді анасының көзінше бауыздап өлтіріп, басын лақтырып жіберген. Дәл сол күні Айсенур Халил есімді тағы бір әйелді өлтіргеннен. Наразылық акциялары осыдан кейін басталған. 

Бұл екі оқиғаның алдында бұрын істі болған қылмыскер 26 жастағы полиция қызметкері болған әйелді өлтірген. Осы үш оқиғадан кейін, елдің әр өңірінде қарсылық акциялары басталған. Жүздеген адам әр қаланың көшелеріне шығып, зорлық-зомбылыққа заң жүзінде жауап беруді, әйелдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап еткен.

10 қазан күні парламентте сөз сөйлеген ел президенті наразылық акцияларының әділетті түрде болып жатқанын айтып, қылмыстық заңды қатаңдатуға және қылмыскерлерді мерзімінен бұрын босатпауға уәде берген.

2021 жылы Түркия әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күресетін халықаралық Ыстанбұл конференциясынан шығып кеткен. Көпшілік осы әрекеттің қате екенін айтып, президент уәде берген заң күшейгеннің өзінде оның әділдік әкелетініне күмәнмен қарайды.

Айта кетейік, Қазақстанда да «Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы» заң ұзақ уақыт талқылауда болып, тек 2024 жылы қабылданып, 15 маусымнан бастап өз күшіне енген.  

Сондай-ақ оқыңыз