Жаңалықтар

Lenovo директоры Ермек Жақыпжановтың өліміне қатысты танымал адамдар естелік жариялады

Ермек Жақыпжановтың өліміне қатысты танымал адамдар естеліктер жариялады
Ермек Жақыпжановтың өліміне қатысты танымал адамдар естеліктер жариялады / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

10 қазанда Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр ауылында денесі табылған Lenovo компаниясының директоры Ермек Жақыпжановтың өліміне қатысты танымал адамдар естелік жариялады.

Режиссер Қанат Бейсекеев Жақыпжановтың жақсы танығанын, жақын дос болғанын, өз ағасындай көргенін жазды. Бейсекеевтің жазуынша, Жақыпжанов отбасын, өз ісі мен өмірді қатты жақсы көрген.

Фото: Скрин Instagram Қанат Бейсекеев

«Мен қалай ғана басқа адамның өмірін қию туралы шешім қабылдауға болатынын түсінбеймін. Саналы түрде зұлымдық жасау үшін адамның ойында не болуы керек? Сендер адам өлтіруге, ұрып-соғуға, 16 жасар баланы шешесінің көзінше өлтіруге болады деген шешімді қабылдағанда не ойлайсыңдар?», – деп жазды режиссер.

«Қазақтелеком» компаниясының басшысы Бағдат Мусин марқұммен таныс болғанын, оның көптеген адамға қол ұшын созып, жақсылық жасауға дайын тұратын адам болғанын еске алды. Экс-министр Жақыпжановтың өліміне қатысты бірқатар деректерді естігеннен кейін, Денис Теннің өлімі туралы істің ойға оралғанын жазды.

«Реформаны Ішкі істер министрлігіне емес, адамдардың санасына жасау қажет. Бірақ бұл белгілі бір мемлекеттік органдардағы механикалық өзгерістермен емес, жан-жақты сана өзгерісін қажет етеді», – деді Мусин.

PR-маман Әлішер Елікбаев өзінің Instagram арнасында алдағы уақытта тыныштық күндері болатынын хабарлады.

Фото: Instagram Әлішер Елікбаев

«Сен тамаша дос едің, Ермек», – деп жазды Елікбаев.

Белгілі құқық қорғаушы Құндыз Оспан да Жақыпжановты танығанын жазып, тергеуге байланысты заңды көмек көрсетуге дайын екенін айтады.

Айта кетейік, 9 қазан күні Ермек Жақыпжановтың іс-түссіз жоғалып кеткені туралы ақпарат тарады. 10 қазанда Алматы облысының полициясы оның денесі Өтеген батыр ауылында табылғанын хабарлап, «адам өлтіру» фактісі бойынша тергеуді бастады. Бұған қоса, іске байланысты Қарағанды облысының полициясы күдікті ретінде 24 жастағы ер азаматты ұстағанын жеткізді.