Қазақстан мен Аустрия арасында тікелей әуе рейсі 2025 жылдың көктемінде ашылады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қазақстан мен Аустрия арасында тікелей әуе рейсі қосылмақ / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қазақстан мен Аустрия арасында тікелей әуе рейсі 2025 жылдың көктемінде ашылады, бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.

Қазақстан-Аустрия Іскерлік кеңесінің 9-отырысы аясында ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев бастаған қазақстандық делегация құрамында SCAT әуе компаниясының вице-президенті Владимир Сытник пен Аустриядағы Қазақстан елшілігінің өкілдері Аустрияның туризм жөніндегі мемлекеттік хатшысы Сюзанна Краус-Винклермен және Вена әуежайының бас директоры Юлиан Йегермен кездесу өткізді.

Министрліктің мәліметінше, кездесу барысында SCAT әуе компаниясының 2025 жылдың көктемінде аптасына 2 рет қатынайтын тікелей әуе рейсін ашу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, туризмді дамытуға визалық қолдау көрсету мәселелері де қарастырылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыдан Лондонға тікелей рейс ашылатыны туралы жазған едік.

2024 жылдың 4 қазанынан бастап, Air Astana Алматы – Лондон бағытындағы тікелей рейсті қайта іске қоспақ. Алматыдан бұл бағыт 2022 жылдың наурыз айынан бері Ақтау қаласында техникалық тоқтаумен орындалып келген. Жаңа өзгерістердің арқасында ұшу уақыты 1 сағат 30 минутқа қысқарып, жалпы ұзақтығы 9 сағат 35 минутты құрайтын болады.

Сондай-ақ оқыңыз