Jusan бөлшек саудаға арналған жаңартылған қосымшасын таныстырды
2024 жылғы 10 қазанда Алматыда Jusan reborn аясында қосымшаның ауқымды таныстырылымы өтті. Іс-шара барысында мамандар бөлшек сауда клиенттеріне арналған бірнеше қызықты жаңа функциямен толыққан жаңартылған қосымшаны ұсынды.
«Біз UI және UX тұрғысынан мүлдем жаңа қосымшаны жинақтадық. Қолданушының іс-әрекетін айтарлықтай жеңілдетіп, мақсатты әрекетке жету үшін қажетті тетіктердің санын төрттен екіге дейін қысқарттық. Бізде үш түбегейлі жаңа өнім пайда болды, оған жарты жыл уақыт жұмсалды. Айта кету керек, Jusan қосымшасын қолданып жүрген адамдар оны әрі қарай жаңартылған нұсқада да пайдалануды жалғастырады. Яғни аудиториямызды жоғалтқан жоқпыз, ал бұл дегеніңіз – 1 миллионнан астам адам», – деп атап өтті Jusan Bank-тың бөлшек және жаппай бизнеске арналған өнімдерін әзірлеу жөніндегі басқарушы директоры Александр Уздяев.
Мысал ретінде жаңадан енгізілген пайдалы функция ретінде CVM (Customer Value Management) командасының маңызды хабарламалар мен жеке ұсыныстарды қамтитын «Маңызды оқиғалар» атты жаңа сервисін айтуға болады. Бұл – клиенттің маңызды ақпараттарды басқаруына арналған дербес көмекші. Клиент ескертулер ағынында жоғалып кетпеуге тиіс. Мысалы, Jusan App клиентке: «несие төлеу мерзімі жақындап қалды», «бүгін Jmart-тан жеткізу келеді» немесе «ұшу уақытын өткізіп алмаңыз, сіз Jusan travel арқылы әуе билетін сатып алдыңыз» деп ескертіп отырады. «Маңызды оқиғалар» блогы клиенттің қызығушылықтарына байланысты жеке ұсыныстар арқылы үнемі жаңартылатын болады.
Jusan командасына жаңа өнімдерді әзірлеуге пайдаланушылар көмектесті.
«120 респондент, 143 сағаттық ауқымды сұхбат, солардың негізінде басты беттің 18 нұсқасы қайта өңделіп, біздің қолданушы үшін ең ыңғайлы нұсқасы таңдалды, – деді Александр таныстырылым барысында. – Алты айдың ішінде дизайн жүйесінің 1701 элементін жасап шығардық, қосымшада 64 өнім бар, олардың ішінде жаңа сервистер де қамтылған. Жалпы алғанда, команда 6 айда 550 000 жол код жазды».
Қосымшадағы жаңа функциялар қатарында «Жылдам операциялар» блогы бар. Мұнда ең жиі қолданылатын операциялар жинақталған, сондай-ақ транзакциялардың барлығы, оның ішінде төлемдер, конвертация және аударымдарды қамтитын бірыңғай тарих пайда болды. Сонымен қатар жаңартылған қосымшаның маңызды функцияларының бірі – жалпы қолжетімді шот құру мүмкіндігі болмақ. Бұл ретте шот иесі әрбір адамға лимитті және қолжетімділік деңгейін реттей алады. Бұл отбасылық бюджетке немесе достармен бірге саяхатты жоспарлауға өте ыңғайлы.