Ауа райына байланысты жабылған Астана-Көкшетау тас жолынан 600 адам эвакуацияланды, бұл туралы Қазақстан темір жол баспасөз қызметі хабарлады.
«2024 жылдың 12 қазанында Астана-Көкшетау-Астана бағыты бойынша жүретін No327/328 және No623/624 пойыздарға қосымша 13 вагон қосылды. Бұл шаралар 600-ге жуық жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар Қарағанды мен Павлодар облысы тас жолдарында шектеулер енгізілді.
«12 қазанда сағат 19:30-да ауа райының бұзылуына байланысты «Қызылорда-Павлодар» автожолының 967-1135 шақырымында (Қарағанды қ. – Павлодар облысының шекарасы) және «Қарағанды-Аягөз-Боғаз» автожолының 17-217 шақырымында (Қарағанды қ. – Қарқаралы қ.) автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды», – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Астана мен Көкшетау бағытындағы автожолдарда көліктердің жүруіне тыйым салынған еді.
11 қазанда Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, боран соқты. Соған байланысты жауапты мекемелер сақтық амалын күшейтіп, тұрғындарды жолға шықпауға шақыруда.
«ҚазАвтоЖол» сағат 19:30-дан бастап Солтүстік Қазақстан облысының аумағында бірқатар автожол учаскесінде шектеу қойылғанын мәлімдеді.