4 қазанға қараған түні Талғар ауданында қаза тапқан кәмелетке толмаған баланың отбасы күзетпен қамтамасыз етілді. Бұл туралы Алматы облысы полиция департаменті хабарлады.
Отбасының тұрғылықты жері бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлерінің тарапынан тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
Еске сала кетейік, 4 қазанда Талғарда бір топ адам дүкендегі жанжалдан кейін 16 жасар жасөспірімге жабылып, жарақат алған мектеп оқушысы Шерзат Болат қайтыс болды. 7 қазан күні туыстары істің алға баспай жатқанын айтып, Талғар ауданы әкімдігіне алдында наразылық білдірді. 8 қазан күні істі Қонаев қаласының полиция қабылдап, тергеуді бастап, 9 адамды ұстап, оның 2-і куәгер ретінде босатылды.
9 қазанда KursivMedia Шерзаттың туыстарымен тілдесіп, куәгерлерден жағдайдың мән-жайын білген.