Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстарында автожолдар ашылды
«ҚазАвтоЖол» компаниясы Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстарында республикалық трассалар ашық екенін хабарлады. Күн күрт суытып, қар түсуіне байланысты автожолдар жабылған еді.
Компания мына учаскелерде көліктердің жүруіне рұқсат берілгенін мәлімдеді:
1. Қарағанды облысы – «Екатеринбург – Алматы» жолының 1353-1426 шақырымы, Ақмола облысының шекарасы-Теміртау төлем ақы алу пункті учаскесі. – «Қызылорда-Павлодар» жолының 967-1135 шақырымы, Қарағанды қ.- Павлодар облысының шекарасы учаскесі. – «Қарағанды-Аягөз-Боғаз» жолының 17-217 шақырымы, Қарағанды қ. – Қарқаралы қ. учаскесі.
2. Ақмола облысы – «Екатеринбург – Алматы» жолының 1292-1353 шақырымы, Жібек жолы төлем ақы алу пункті – Қарағанды облысының шекарасы учаскесі.
3. Павлодар облысы – «Қызылорда-Павлодар» жолының 1135-1206 шақырымы, Қарағанды облысының шекарасы – Шидері ауылы учаскесі.
11 қазанда сағат 17:00-де Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Астана – Петропавл» автожолының (18-304 шақырым аралығы) Астана қаласынан Көкшетау қаласына дейінгі бөлігі жабылды. Одан СҚО-да үш учаскеде жүруге тыйым салынды.
12 қазан күні кешке Қазақстан темір жолы баспасөз қызметі ауа райына байланысты жабылған Астана-Көкшетау тас жолынан 600 адамды эвакуацияланғанын хабарлады. Сол күні Қарағанды мен Павлодар облыстары тас жолдарында шектеулер енгізілді.