Жаңалықтар

Бразилияның Сан-Паулу штатында дауыл салдарынан 1,6 миллионға жуық адам жарықсыз қалды

Сан-Паулу штатында 7 адам қаза тапты / фото: report.az

Бразилияның Сан-Паулу штатында болған дауылдан кемінде жеті адам қаза тапты.

Бауру қаласында қабырғаның опырылуы салдарынан үш адамның, Сан-Паулу мен Диадема қалаларында ағаштардың құлауы салдарынан тағы екі адамның қаза тапқаны нақтыланды. Котия қаласында қабырғаның опырылуы салдарынан тұрғындар апаттың құрбаны болды.

11 қазан, жұма күні кешке қалаға дауыл соғып, оның екпіні 108 км/сағ-қа жетті. Күшті жел ағаштарды құлатып, электр сымдарын үзген. Қолайсыз ауа райынан бірнеше әуежай жабылып, бірнеше ауданда су беру тоқтады.

Associated Press күшті дауылдан кейін, 12 қазан, сенбіде 1,6 миллионға жуық адам жарықсыз қалғанын жазды.

Сан-Паулу – Оңтүстік Америкадағы ең үлкен қала және 20 миллионнан астам адам тұрады.

Осы аптада ең күшті «Милтон» дауылы Флориданың батыс жағалауындағы құрлыққа жетті. АҚШ штаты – Флоридада  16 адам қаза болып, 3 миллион үй жарықсыз қалды.