Назым Қызайбай бокстан Қазақстан құрамасының капитаны атанды

Жарияланды 14 Қазан 2024 11:51

(жаңартылды 14 Қазан 2024 12:22)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Назым Қызайбай бокстан құрама капитаны атанды / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Назым Қызайбай бокстан Қазақстан құрамасының капитаны атанды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады.

Федерацияның мәліметінше, Түркістан облысындағы оқу-жаттығу жиыны аясында бапкерлер мен боксшылардың қатысуымен жиналыс өткен.

«Жиын барысында талқыланған маңызды мәселенің бірі – жаңа құрама капитанын сайлау. Нәтижесінде спортшылардың басым көпшілігінің дауысымен Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны ретінде сайланды», – делінген хабарламада.

Назым Қызайбай – Қазақстанның 13 дүркін, Әлемнің 2 дүркін ( Чеджу 2014 жыл , Астана 2016 жыл), Азия ойындарының чемпионы (Дубай 2021 жыл). 2024 жылы Парижде өткен олимпиада ойындарында асқан шеберлік көрсетіп, қола жүлдені жеңіп алды.

Айта кетейік, қазіргі уақытта бұрымды боксшылар Азия чемпионатына дайындалып жатыр. Құрлықтық біріншілік 30 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Иордания мемлекетінде өтеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Kursiv Lifestyle қазақ спортындағы ең сұлу боксшы қыздардың бестігін жазған еді.

Сондай-ақ оқыңыз