Қазақстанда жаңа Porsche 911 автокөлігі сатылымға шықты

Жарияланды 14 Қазан 2024 16:33

(жаңартылды 14 Қазан 2024 17:16)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Қазақстанда жаңа Porsche 911 автокөлігі таныстырылды / фото: Orbis Auto

Алматы қаласында Қазақстандағы Porsche брендінің ресми импорттаушысы, Orbis Auto жаңа Pоrsche 911 моделін көпшілікке ұсынды. Бұл әйгілі модельге алғаш рет гибридті күш қондырғысы орнатылды. Жаңа Porsche 911 көлігінің тұсаукесері Алматы маңындағы Sokol спорттық-туристік кешенінде өтті.

Жаңа 911 Carrera GTS – бұл жеңіл гибридті қозғалтқышпен жабдықталған алғашқы Pоrsche 911 моделі. 3,6 литрлік қозғалтқышқа ие, сондай-ақ 911 Carrera GTS Coupé 100 шақырымға небәрі 3 секундта жетеді және ең жоғары жылдамдығы 312 км/сағ.

Сонымен қатар 911 Carrera моделі 3 литрлік Twin-Turbo Boxer қозғалтқышымен жабдықталған, жаңа дизайн, жетілдірілген аэродинамика және заманауи жабдықтармен ерекшеленеді.

фото: Orbis Auto

T-Hybrid технологиясы автоспорттан алынған және эмоциялық қозғалтқыш дыбысын жоғары өнімділікпен үйлестіреді. T-Hybrid жүйесінің жалпы қуаты 398 кВт (541 PS) және 610 Нм құрайды. Бұл алдыңғы модельмен салыстырғанда 45 кВт-қа (61 PS) артық.

Қазақстан нарығында жаңа 911 Carrera моделін купе және кабриолет түрінде сатып алуға болады. Жаңа 911 Carrera бағасы 185 000 еуродан (98 млн теңге), ал 911 Carrera GTS Coupé моделі 243 000 еуродан (128 млн теңге) басталады. Жыл соңына дейін Қазақстанда 12 бірлік Pоrsche 911 сатылымға шығады, ал 2025 жылы 25 данаға ресми квота бөлінген. 2023 жылы елде 22 Porsche 911 моделі сатылғанын айта кетейік.

Сондай-ақ оқыңыз