Қазақстандық Beeline ұялы байланыс операторының иесі – VEON штаб-пәтерін Амстердамнан Дубайға көшіреді. Компания директоры әлемдік деңгейдегі таланттарға жол ашу және Парсы шығанағындағы инвесторлық базасын кеңейту мақсатында осындай шешім қабылдағанын түсіндірген.
2022 жылдың басында VEON кеңейтілген операциялық орталығы БАӘ-де орналасқан. Енді штаб-пәтері Дубай халықаралық қаржы орталығына (DIFC) көшеді. Бұл VEON-ды акциялары Nasdaq листингінде тіркелген ең ірі компанияға айналдырады.
VEON бас директоры Каан Терзиоғлының айтуынша, штаб-пәтерді көшіру туралы шешім компанияның стратегиялық бағыт-бағдарын көрсетеді.
VEON – ұялы байланыс қызметін ұсынатын компания. Ол Бельгия, Франция, Нидерланд, Португалия, Ирландия, Норвегия және Италия биржаларынан тұратын жалпыеуропалық қор биржасын басқаратын NASDAQ және Euronext америкалық қор биржаларында тіркелген.
Компания қазақстандық Beeline операторынен бөлек Қырғызстан мен Өзбекстанда осы брендпен қызмет көрсетеді. Сондай-ақ компания жобаларының тізіміне мыналар кіреді:
- Украинадағы «Киевстар»;
- Бангладештағы Banglalink бренді;
- Пәкістандағы Jazz бренд.
MarketScreener веб-сайтындағы мәліметтерге сәйкес, VEON иелері: Letterone Investment Holdings S.A. (45%), The Stichting (7.9%), Lingotto Investment Management LLP (7,2%) мен Shah Capital Management Inc. (6.8%).