Қыркүйек айында интернет-провайдерлер табысы 65 млрд теңгеден асты
Қазақстанда интернет-провайдерлер кірісі артты. Нақтылап айтқанда, қыркүйек айында 65,1 млрд теңге пайда тапты. Инфляция қарқынын ескергеннің өзінде, тамыздағы көрсеткіштен 7,1%-ға жоғары болып есептелінеді.
DATA HUB-тың дерегі бойынша мұндай өсім 2,5 жылдан астам мерзім ішінде бірінші рет тіркелген.
Интернет желісі қызметінің құны әр ай көрсеткіші бойынша ұдайы өсумен келеді. Қыркүйектегі көрсеткіш жаңа межеден асып кетті. Бұл ретте абоненттер саны 0,3%-ға, яғни 3,15 миллионға дейін артқан.
Қазіргі уақытта трафик көлемін анықтау мүмкін емес. 2023 жылы абоненттер, орта есеппен алғанда, айына 569 млн гигабайт трафик тұтынған.
Қазақстан мобильді интернет бойынша ең арзан елдердің қатарында. Cable.co.uk сараптамалық компаниясы 2023 жылғы қорытынды бойынша 237 ел мен 5,6 мыңнан астам оператордың тарифтерін талдаған. Соған сәйкес Қазақстанда 2023 жылы 1 ГБ мобильді интернеттің орташа құны 0,41 доллар деп бағаланды. Бұл көрсеткіш ТМД-дағы орташа бағадан 4 есе, ал әлемдік орташа көрсеткіштен 6 есе арзан.