Жаңалықтар

Оңтүстік Корея заңсыз жұмыс істеп жүрген 15 мың қазақстандық мигрантты елге қайтаруды талап етті

Южная Корея хочет депортировать 15 тысяч нелегально работающих там казахстанцев
Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүрген 15 мың қазақстандық елге оралуға тиіс/ коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Дастан Шанай

Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүрген 15 мың қазақстандық қайтуы керек. Еңбек министрі Светлана Жақыпова екіжақты келісім бойынша орындалуға тиіс талаптың бірі деп көрсетті.

«Біз үш облыста арнайы орталықтар дайындадық, Алматыдағы орталықты тексеріп шықтық», – деп мәлімдеді министр.

Қазақстандық мигранттарды қайтару – Сыртқы істер министрлігінің шаруасы. Жұмысшылармен бейбіт келісім жасалады. Светлана Жақыпова мигранттар өз еркімен билет алып, елге оралса, ешқандай орган мазаламайтынын  айтты. Егер бұл талапқа көнбесе, Оңтсүтік Корея жауапкершілікке тартады.

Екінші тарап министрлікке үш шарт қойған:

  • Қазақстанның Кореядағы елшілігінде жұмыспен қамту атташесі лауазымын енгізу;
  • Заңсыз жүрген 15 мың қазақстандықты қайтару;
  • Оңтүстік Кореяға жұмыс істеуге баратын барлық қазақстандықты міндетті түрде сертификаттау.

Екіжақты келісім бойынша барлық талап жыл соңына дейін орындалуға тиіс.

«Біз бұл мәселемен бір жылдан бері айналысып келеміз. Орталықтар Павлодар, Өскемен, Түркістан қалаларында ашылды, бірақ екінші тарап Кореяға тікелей рейстері бар қалаларда ғана орналастыруды талап етті. Сондықтан тестілеу Алматы, Түркістан қалалары мен Алматы облысында жүргізіледі», — деп ескертті Жақыпова.

Оңтүстік Корея Қазақстан азаматтарының еңбек етуіне рұқсат беретінін мәлімдеген. Еңбек министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп заңсыз көші-қонды тию мақсатында жұмыс атқармақ.