«Хуторлық Хасанға» қатысы бар деген ақпарат тараған Талғар ауданы әкімдігінің аппарат басшысы қызметінен босатылды
«Хуторлық Хасанға» қатысы бар деген ақпарат тарағаннан кейін, Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің аппарат басшысы Аслан Қасымбаев қызметінен босатылды. Бұл туралы Талғар ауданы әкімдігі хабарлады.
Бұдан бөлек, аудан әкімі Танат Айдарбеков пен орынбасары Айбек Бидаевқа «сөгіс» жарияланған.
Қасымбаев 1982 жылы Алматы облысында дүниеге келген, Орталық Азия университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
15 қазанда Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Танат Айдарбековке сөгіс жарияланып, қала әкімі Бақыт Күрішбековпен оның орынбасары Матан Сағындық қызметтен босатылған еді
Осыған дейін Аслан Қасымбаевтың бауыры Ержан Қасымбаевтың «адам өлтіру» бабымен 15 жылға бас бостандығынан айырылғанын жазған едік. Ол бірнеше адаммен бірге 2012 жылы Медет Жамашев есімді азаматты өлтірген. Дегенмен қылмыстық 2017 жылы ғана ашылып, 2024 жылы ғана үкім шыққан. Ал 2017 жылы Аслан Қасымбаев Талғар ауданы Белбұлақ ауылының әкімі болып, 2021 жылы аудан әкімі аппаратының басшысы болған.