Жаңалықтар

Оқушылар күзгі каникулда қанша күн демалады?

Министрлік балалардың демалысына қатысты ұсыным беріп отыр/фото: shutterstock

Мектеп оқушыларының күзгі каникулға шығуына санаулы күн қалды. Оқу-ағарту министрлігінің дерегінше, балалар бірінші тоқсанды аяқтап, 28 қазаннан 3 қарашаға дейін демалысқа шығады. Демек, каникул уақыты – толық жеті күн.  

Министрлік балалардың демалысына қатысты ұсыным беріп отыр. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы шеңберінде бірқатар шаралардың жоспарын алға тартты. Ондағы мақсат – балалардың каникул кезіндегі бос уақытын тиімді жұмсау. Сонымен қатар, жеке тұлғасының қасиеттерін дамыта түсу.

Жоспарда сан алуан тақырып бар. Мәселен, отансүйгіштік, турашылдық және жауапкершілік сынды адами құндылықтарға баса мән берілген. Мектеп ішінде демалыс кезінде кітап оқуға үгіттеу шарасы, қауіпсіздік дәрістері, өнер және жәрмеңке ұйымдастырылмақ.

Әрине, басты міндет – қауіпсіздікке баса назар аудару. Жол ережесін сақтауды, мектеп тәртібіне бағынуды, өрт және кибер қауіпсіздіктерді мектеп қана емес, ата-аналар да ескергені жөн.

Оқу ағарту министрлігі аталған іс-шаралардың жай ғана әдістемелік ұсыным ретінде жолдағанын алға тартады.