Қазақстанның 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock

16 қазан күні Қазақстанның 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды. Бұл туралы «Қазгидромет» мамандары хабарлайды.

Петропавл, Павлодар, Өскемен, Ақтөбе және түнде Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай салдарына ауа сапасы төмендейді.

Ауа райына келсек, Петропавл, Павлодар қаласында көшпелі бұлт шыққанымен, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы.

Бұл күнгі метеорологиялық жағдай қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

«Қазгидромет» болжамына сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын мен қар жауады.Орталық облыстарда қарлы боран, шығыс пен оңтүстік, республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда көктайғақ болжанады. Синоптиктер ел аумағында жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түсетінін ескертеді. Қызылорда, Түркістан облыстарында 1-6 градус үсік жүреді.

Сондай-ақ оқыңыз