Қыркүйекте Алматыда азық-түлік бағасы 7,7% өскен
Қыркүйек айында азық-түлік бағасы Алматыда 7,7% өскен. Бұл ел аумағындағы ең жоғары өсім болып отыр.
Ұлттық банк ақпаратына сүйенсек, азық-түліктің бағасының өсуі 5,1%-ға дейін баяулағанымен, бірқатар өңірлерде өсім әлі де байқалады. Мәселен, Алматыда тауар бағасы 7,7% болған. Ең төменгі өсім елордада тіркелген – 2,1%.
Азық-түлік емес тауарларға келсек, ел бойынша бағаның өсу қарқыны 7,6%-ға дейін баяулаған. Бұл тауарлар көбіне Түркістан облысында қымбаттаған – 13,3%, бағаның ең баяу өсуі Жетісу облысында байқалған – 4,9%.
Қызмет көрсету саласында бағаның өсімі 13,6% көлемінде сақталған. Ең жоғары өсім Павлодар облысында – 20%, ең төменгі Алматы облысында – 7,7%. Жалпы инфляция деңгейіне келсек, 11 өңірде баяулап, 7 өңірде жеделдеп, 2 өңірде сол қалпында қалған.
Ең жоғары мән Астана мен Маңғыстауда байқалды. Ел бойынша бір айдағы инфляция өсімі 0,4%-ды құрады.
Осыған дейін 15 қазаннан бастап Алматыда электр энергиясы үшін тариф қымбаттайтыны туралы жазған едік.