Lifestyle

Мэй Маск Алматыдағы музыкалық аспаптар мұражайын аралады

Мэй Маск Алматыда
Мэй Маск Алматыдағы музыкалық аспаптар мұражайын аралады / Фото: Алматы қаласы Туризм басқармасы, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Миллиардер Илон Масктың анасы Мэй Маск Алматыдағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайын аралап шықты.

Мэй Маск мұражайда экскурсияға қатысып, 50-ден астам ұлттың музыкалық аспаптарын көріп, олардың әуезімен танысқан. «Steppe Sons» модерн этно-джаз тобы өнер көрсетсе, шетелдік қонақтардың бірі топпен бірге ән шырқаған.

Мэй Маск Алматыда
Фото: Алматы Туризм басқармасы

Маск өзін құрметпен қарсы алған мұражай бірлестігіне алғыс айтып, жұмыстарына сәттілік тілеген.

Ол Алматыға 17 қазанда өтетін «Be Woman» форумына қатысу үшін келген.

Мэй Маск Алматыда
Фото: Алматы Туризм басқармасы

1981 жылы ашылған Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайы Орталық Азиядағы аспаптарды жинаған. Музей Алматыдағы 28 Панфиловшылар саябағының аумағында орналасқан.