Жаңалықтар

ҚазАвтожол 9 өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады 

ҚазАвтожол ескерту
ҚазАвтожол 9 өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады / Фото: shutterstock

ҚазАвтожол ұлттық компаниясы 17 қазанда 9 өңірде ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жариялады. Бұл туралы компания баспасөз қызметі хабарлады.

Компания ақпаратына сүйенсек, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды және Алматы облыстарында жаңбыр, Жамбыл, Жетісу, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында қар аралас жаңбыр және қар жауады деп болжанғандықтан, жолаушылар мен жүргізушілерге ескерту жариялады.

«Осы себепті жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, тәулік бойы қосымша жол қатынасына байланысты 1403 нөміріне хабарласып, білуге болады.

Осыған дейін 14 қазанда Қарағанды облысында ауа райына байланысты жол жабылған еді.