Ресейлік «Росатом» басшысы Тоқаев және Бектеновпен кездесуге өтініш жасаған

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Ресейлік «Росатом» басшысы Тоқаев және Бектеновпен кездесуге өтініш жасаған
Ресейлік «Росатом» басшысы Тоқаев және Бектеновпен кездесуге өтініш жасаған / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Ресейлік «Росатом» мемлекеттік корпорациясының басшысы Александр Лихачев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және премьер-министр Олжас Бектеновпен кездесуге өтініш жасаған. Кездесу туралы өтініш журналист Олег Червинскийдің «Нефть и газ Казахстана. Факты и комментарии» телеграмм-арнасында жария болды. KursivMedia ақпаратты растау үшін ҚР СІМ мен Ресей елшілігіне жүгінді.

Червинский жариялаған өтініште құжаттың Ресейдің Қазақстандағы елшілігі атынан ҚазақстанСыртқы істер министрлігіне жолдаған хат екені жазылған. Елшілік СІМ-нен «Росатом» басшысының «Атом саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылау үшін» Тоқаевпен және Бектеновпен кездесуін «2024 жылдың қараша айының соңына дейін ұйымдастыру үшін жәрдемдесуді» сұрайды. 

Росатом Тоқаев Бектенов кездесу
«Нефть и газ Казахстана. Факты и комментарии» Телеграмм-арнасы

«Ресей тарапы Қазақстан Республикасы басшылығының кестесін ескере отырып, кездесудің ықтимал күнін белгілегені үшін Қазақстан тарапына ризашылық білдірер еді (Ресей тарапының алдын ала ұсынысы — 28 Қазан немесе 14 қараша)», — делінген хатта.

KursivMedia осы құжаттағы ақпаратты растау үшін ҚР СІМ мен Ресей елшілігіне жүгінді. Материал жария болғанға дейін жауап келмеді.

Қазақстанда 6 қазанда АЭС салуға байланысты референдум өтіп, халықтың көп бөлігі келісім берген. Осыдан кейін Ресей баспасөзі «Қазақстан «Росатомсыз» АЭС сала алмайды» деген ақпарат таратқан. Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр бұл ақпаратқа жауап беруге әлі ерте екенін айтқан, себебі АЭС-ті салатын консорциум әлі белгілі болған жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз