Футбол федерациясы мемлекеттік тіл туралы әзілдеген Черчесовті ақтап отыр

Жарияланды 16 Қазан 2024 11:32

(жаңартылды 16 Қазан 2024 12:00)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Черчесов хотел разрядить обстановку. Федерация футбола объяснила шутку тренера о казахском языке
Федерация тіл туралы әзілдеген Черчесовті ақтап отыр / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Қазақстан фубол ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов тілге қатысты жағдаймен ел назарына ілікті. Бұл оқиға Словениямен өткен Ұлттар лигасындағы (0:1) матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында болды.

Матчтан кейінгі сұрақ-жауап кезінде журналист қазақ тілінде сұрақ қоя бастағанда, Станислав Черчесов оны тоқтатып, қалжыңдап: «Сен қазір француз тілінде сөйлеп тұрсың ба?», – деп сұрады.

Федерацияның мәліметінше, журналист француз футбол клубы «ПСЖ» киімінде болғандықтан, бапкер осылай әзілдеген еді.

«Жазбада видеоның үзіндісі көрсетілген. Негізі бұл сұрақты Францияның ПСЖ клубының формасын киіп жүрген қазақстандық журналист Бегасыл Сейітқанов баспасөз мәслихатында қойғаннан кейін, бас бапкер әзілдеп жауап қайтарған болатын.

Станислав Черчесов қазақ тілі мен еліміздің мәдениетіне үлкен құрметпен қарайды, сонымен қатар қазақ тілін белсенді түрде оқып жатқанын мәлімдейміз», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалғаннан кейін, оған қазақ тілінде қойылған сұрақтар бірнеше рет сынға ілікті. Бұрын да осындай оқиғаларға байланысты сынға ұшыраған Черчесов қазақ тілін үйрене бастағанын мәлімдеген болатын.

Алайда бапкер басшылығымен өткен төрт ойында Қазақстан құрамасы жеңіссіз қалды және бірде-бір гол соға алмады. Бұл жағдай бапкерге қатысты сындардың көбеюіне себеп болды. Қазақстан құрамасы жанкүйерлері тек тілге құрметпен қараудан бөлек, жақсы нәтижелерді де күтіп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз