Prada бренді айға ұшатын әйелдер үшін арнайы скафандр шығарды. Бұл туралы Axiom Space хабарлады. Prada мен Axiom Space жаңа скафандрды Миландағы Халықаралық астронавтика конгресінде таныстырды.
NASA Artemis III миссиясы аясында бұл скафандрмен айға алғашқы әйелді ұшыруды жоспарлап отыр.
Pradа скафандрдың сыртқы дизайнымен айналысса, Axiom Space оның технологиялық аспектілерін әзірледі. Скафандр астронавттарды Айдың оңтүстік полюсіндегі экстремалды температуралардан қорғап, оларды суық, көлеңкелі аймақтарда кем дегенде екі сағатқа дейін қорғауға қабілетті. Астронавттар скафандрда сегіз сағатқа дейін ашық кеңістікте жүре алады.
Костюмде Pradа логотипі жоқ. Алайда оның сыртқы ақ беті қызыл сызықтармен безендірілген, бұл Pradа Linea Rossa желісінің дизайнына ұқсас. Айға қону Artemis III миссиясы аясында 2026 жылға жоспарланған. Миссияға қатысатын ғарышкерлер әлі жарияланбағанымен, экипаж құрамында міндетті түрде әйел болатыны айтылды.