2025 жылы Ораза қашан басталады? ҚМДБ діни мерекелер кестесін жариялады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
ҚМДБ 2025 жылға арналған діни күндер кестесін бекітті / коллаж: kursiv.media

Қазақстан мұсылман діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2025 жылғы діни күндер кестесін бекітті.

ҚМДБ мәліметінше, 2025 жылы Ораза айы наурыздың 1-29 аралығына түсіп отыр. Қадір түні 26-27 наурыз. Ораза айт 29 наурыз. Ал құрбан айт 6-8 маусым аралығында мерекеленеді.

«Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді», делінген хабарламада.

Айта кетейік, Хижра – ислам күнтізбесі.

Сондай-ақ оқыңыз