Жаңалықтар

Алтын қымбаттайды – сарапшылар осылай болжам жасап отыр

алтын қымбаттайды
Алтын өндірушілер алтын бағасы 10%-ға қымбаттайды деп болжап отыр / Фото: kursiv.media

Алтын өндірушілер алтын құймаларының бағасы бір жыл ішінде 10%-ға қымбаттап, рекордтық көрсеткіштерге көтеріледі деп болжайды. Бұл жайлы Вloomberg жазды.

Алтын өндірушілер бағалы металдар өнеркәсібі саласына зерттеу жүргізген. Зерттеуде алтын бағасы келесі жылы рекордтық деңгейге көтерілетіні айтылған.

Майамиде өткен Лондон құймалар нарығы қауымдастығының жиынында сала мамандары келесі жылдың қазан айының соңына қарай алтын бағасы бір унция үшін 2,917,40 долларға дейін көтерілетінін айтқан. Бұл қазіргі көрсеткіштен шамамен 10%-ға жоғары.

Болжам конференцияға қатысқан сарапшылар арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде құрылған. Сонымен бірге зерттеу барысында сала трейдерлерінің, мұнай өңдеушілер мен тау-кен компанияларының болжамдары да негізге алынған.

сонывмен бірге зерттеуде алдағы жылы күміс бағасының да қымбаттайтыны айтылған. Сарапшылар болжамынша күміс бағасы 40%-дан астам қымбаттап, бір унциясы 45 долларға жетеді деп күтілуде.

Айта кетейік, алтын бағасы 2024 жылы қатты көтерілді. Қазіргі геосаяси тұрақсыздық жағдайында бұл сирек металл ең тұрақты инвестиция саналады. Сол себепті де қыркүйек айының бастап алтын бағасы қымбаттады.