Санкция құшағында отырған Ресейден Қазақстанға тауар импорты ұлғайды
Жарияланды
(жаңартылды )
Қазақстан импортындағы Ресей Федерациясының үлесі – 29,5%. Жыл басынан бері сегіз айда құны 111,2 млрд доллар тауар тасымалдаған. Өткен жылдағы кезеңмен салыстырғанда Ресейден келетін тауар көлемі 2,3%-ға артық.
РФ жіберетін мына тауар топтары импорттың 85%-ын құрайды:
- металдар және олардан жасалған бұйымдар – $2,2 млрд;
- машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар және аппараттар – $2,1 млрд;
- химиялық және аралас өнеркәсіп өнімдері – $1,9 млрд;
- дайын тамақ өнімдері – $1,3 млрд;
- отын-энергетикалық тауарлар – 1,1 млрд;
- жануарлар мен өсімдіктерден алынатын өнімдер – $0,9 млрд (+8,6%).
Data Hub сегіз айлық көрсеткіш бойынша 3-4 жылда Ресей импорты айтарлықтай өскенін көрсеткен. Мәселен, 2021 жылғы есеппен салыстырғанда, биылғы импорт көлемі 25%-дан асқан.
Былтырғы қаңтар-тамыз айларында импорт 8,2%-ға азайды. Осы кезеңде көрші елден 10,6 млрд доллар тауар тасымалданған.