Stellantis компаниясы тежегіштегі ақауға байланысты 21 мың автокөлікті қайтадан жөндемек

Жарияланды (жаңартылды )
Легализация иностранных авто в РК
фото: kursiv.media

Stellantis автоөндіруші 21 мың автокөлікті кейін қайтармақ. Бұл әңгіме Dodge мен Alfa Romeo маркаларына қатысты. Осы көліктердің тежегіш басқышында ақауы бары анықталған. Осының салдарынан 12 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

АҚШ Ұлттық жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасы 2023 жылдың шілдесі мен 2024 жылдың қыркүйегіне дейін нарыққа шыққан модельдерде кемшілік болуы мүмкін екенін ескертеді.

Сонымен көліктің екі түрі бойынша компанияға оралуы тиіс:

  • Dodge – 17 мың дана;
  • Alfa Romeo – 4 мың дана.

Stellantis басқыш құрылғысына қосымша бұранда орнату арқылы осы мәселені шешкісі келеді.

Stellantis бұған дейін АҚШ пен Канадада сатылған 1,2 млн автокөлікті шақырған. Компания Chrysler, Dodge, Ram және Jeep көліктерінің артқы көрініс камерасы дұрыс істемейді деген қорытындыға келген.

Сондай-ақ оқыңыз