Түркістан облысында білім саласының 123 қызметкері мемлекетке 1,5 млрд теңге залал келтірді
Жарияланды
(жаңартылды )
Түркістан облыстық прокуратура тексеруімен білім саласында қызмет ететін 123 адамға айып тағылып отыр. Облыстық прокуртура жеті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Барлық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды.
Сауран мен Созақ аудандары білім бөлімдерінің мамандарына қатысты екі іс сотқа жолданды.
«Тергеп-тексеру барысында күдікті тұлғалардан мемлекетке 1,5 млрд теңге залал өндірілді және олардың қылмыстық жолмен табылған 2,9 млрд теңге мүліктеріне тыйым салынды», – деп хабарлады облыстық прокуратура.
Бұған дейін Қаржы министрлігі заңсыз жолмен ақша тапқандарды әшкерелегені белгілі болған еді. Кейбір мекемеде есепшілер қызметкер штатқа алынбаса да, жалған құжат рәсімдеп, еңбекақыны өз есепшотына аударып, жеке пайдасына жұмсаған.