Қазақстандағы микроқаржы ұйымдарының (МҚҰ) портфеліндегі 3 ай бойы төленбеген борыш көлемі артып барады. 2024 жылдың басынан 1 қыркүйекке дейін NPL 90+ үлесі 56,1% өсіп, 76,7 млрд теңгеден 119,8 млрд теңгеге жеткен.
Ұлттық Банктің статистикасына сүйенсек, МҚҰ-ның жиынтық портфелі жыл басынан 2 12,3%-ға өсіп, 1,4 трлн теңгені құрады. Бұл ретте портфельде төлем мерзімі 90 күннен кешіктірілген несие үлесі 1,5 есе артқан. Яғни проблемалық несие көлемі жиынтық несие портфелімен салыстырғанда айтарлықтай жылдам өсіп барады.
1,4 трлн теңге шағын несиенің 1,2 трлн теңгесін жеке тұлғалар алған. Алған қарызын 3 ай бойы өтемей жүргендердің қатары көбейді. МҚҰ портфеліндегі жеке тұлғалар алған қарыздың 9,5%-ы 90 күннен аса төленбеген. Бұл борыш – 87,7 млрд теңгеге тең.
Ал заңды тұлғалар алған шағын несиенің 5%-ы 3 айдан аса өтелмеген. Яғни заңды тұлғалар алған 39 млрд шағын несиенің 916 млн теңгесі NPL 90+ ретінде баланста тұр.
Дара кәсіпкерлер микроқажы ұйымдарынан 172 млрд теңге шағын несие алған. Дара кәсіпкерлердің төлем мерзімін 3 ай кешіктірген шағын борышы 4 млрд теңгеге тең.