Алматыдан 264 шақырым жерде жер сілкінді

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
жер сілкінісі
Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелді / Фото: shutterstock.com

Алматы тұрғындары 17 қазан күні таңға жуық 2 балдық жер сілкінісін сезді. Жер сілкінісінің эпицентрі шаһардан 264 шақырым жерде орналасқан.

«ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 17  қазан Астана уақытымен 03 сағат 23 мин жер сілкінісі тіркелді», – делінген Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәліметте.

Жер сілкінісінің ошағы Қытайда орналасқан. Қалалық ТЖМ Алматыға бұл жер сілкінісі 2 балл болып сезілгенін хабарлады. Зардап шеккендер жоқ.

Бұның алдында Алматыда жер сілкінісін шұғыл хабарлау жүйесі – Mass Alert сынақтан өтті.

16 қазанда Түркияның шығысында 6 балдық жер сілкінісі тіркелді. Оның эпицентрі Малатия қаласынан 45 шақырым жерде, 9 шақырым тереңдікте орналасқан.

Сондай-ақ оқыңыз