Қазақстан ШЫҰ-ға төлейтін жарнасын өзгертті

Жарияланды
Премьер-министр Олжас Бектеновке Қазақстан атынан хаттамаға қол қою тапсырылды/фото: kursiv.media мұрағаты

Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымы бюджетіне төлейтін жарнасын бекітті. Бұрын Қазақстан бұл ұйымға төлейтін үлес жарнасы 17,6 % еді. Енді 15,2% болды.

«2017 жылғы 1 желтоқсанындағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының бюджетін қалыптастыру және орындау тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама жобасы мақұлдансын», – делінген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.

ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің үлес жарнасының көлемі мынадай:

Беларусь – 5,8%, Үндістан – 5,9%, Иран – 5,8%, Қазақстан – 15,2%, Қытай –17,6%, Қырғызстан – 7,6%, Пәкістан  – 5,9%, Ресей – 17,6%, Тәжікстан – 6%. Өзбекстан – 12,6%.

Премьер-министр Олжас Бектеновке Қазақстан атынан хаттамаға қол қою тапсырылды. Сондай-ақ өзгерістер мен толықтыру енгізуге де рұқсат етілді. Бұл хаттама 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап уақытша қолданысқа енеді.  

Мұның алдында Президент ШЫҰ-ның Еуразия құрлығында бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтаудағы ерекше орнын атап өткен еді.

Сондай-ақ оқыңыз