Ксения Собчак Бишімбаев ісінің шешіміне байланысты Қазақстанды мақтан тұтатынын айтты

Жарияланды 17 Қазан 2024 11:50

(жаңартылды 17 Қазан 2024 11:51)
Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
Ксения Собчак Қазақстанды мақтан тұтатынын айтты / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Ресейлік журналист Ксения Собчак бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың сотын ашық жүргізіп, шешімін шығара білгені үшін Қазақстанды мақтан тұтатынын айтты.

«Қазақстанға осыдан біраз уақыт бұрын қайғылы оқиғадан кейін келген едім. Жап-жас қызды күйеуі қатігездікпен ұрып өлтірген еді. Мен ашық сотқа қатыстым. Ашық болғанын нақтылап айтқым келеді. Ол жерде болған оқиғаны есту өте қиын болды», – деді Собчак Алматыда өтіп жатқан BeWoman форумында.

Журналист Қазақстанның осы мәселені шешкені үшін Қазақстанды мақтан тұтатынын атап өтті. Бұған қоса, осы мәселе кезінде қоғамдық пікірдің жағдайды қалай өзгерте алатынына тағы бір рет куә болған. Дәл сол қоғамдық пікірдің тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына деген көзқарастың өзгеруіне әсер еткенін айтты.

«Мен неге қазір бұл оқиғаны еске алдым. Шынымды айтсам, Қазақстанға тек осындай қуанышты форумдарға ғана келгім келеді. Себебі дәл осындай шаралар біздің көзқарасымызды өзгертеді. Көзқарасты өзгерту өте қиын. Бірақ оны бірден емес, бірқалыппен өзгертуге болады деп ойлаймын», – деді Собчак.

Оның сөзінше, дәл осы Бишімбаев ісіндей жағдайлар туралы көбірек айтылған жағдайда қайғылы оқиғалар саны да азаюы мүмкін.

Айта кетейік, сәуір айында ресейлік журналист Ксения Собчак Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот отырысына келіп, жағдай туралы репортаж жасаған еді. Мамыр айында іске байланысты Нүкенованың азаматтық некедегі жары Қуандық Бишімбаев кінәлі деп танылып, 23 жылға сотталған еді.

Сондай-ақ оқыңыз