Алматыда сейсмикалық жаттығу өтіп, тұрғындарға «президенттік дабыл» хабарламасы келді
17 қазан сағат 10:00-де Алматы қаласында төтенше жағдайлар қызметі дабыл жүйесін тексеріп, сейсмикалық жаттығу өткізді.
Көшелерде дабыл соғылып, теле және радио арналарда хабар тарату үзілді.
Сонымен қатар телефондарға «президенттік дабыл» хабарламалары жіберілді. Бұл жолы хабарламалар iOS пайдаланушыларына да жіберілді. iPhone құрылғыларының иелері тек iOS 18 операциялық жүйесі орнатылған телефондарында хабарлама алды.
Әкімдіктің мәліметінше, сейсможаттығудың басты мақсаты – қала тұрғындарының төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттерге дайындық деңгейін арттыру, қауіпсіз орындарға эвакуациялау маршруттарын пысықтау.
17 қазанға қараған түні сағат 3:23 кезінде жер сілкінісі тіркелді. Дүмпудің эпицентрі Қытай аумағында Алматы қаласынан 264 км жерде орналасқан.
Еске сала кетейік, ҚР ТЖМ «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 23 қаңтарда Алматы уақытымен 00 сағат 09 мин 02 сек жер сілкінісі тіркелді.