Шымкентте 200-ден астам автокөліктің иесі жарқын шоу бағдарламасымен және дрифтпен өнер көрсетті. KursivMedia шараға қатысып, автосүйер қауымның назарын аударатын ерекше көліктерге шолу жасап қайтты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шараның басты мақсаты тюнинг пен автоспорт саласындағы отандастарымыздың жетістіктерін көрсету. Тюнинг жобаларының көрмесі ортақ қызығушылықтары бар адамдардың танысуына мүмкіндік жасайды.
Шымкенттегі бұл автошоу қала тұрғындары мен қонақтары үшін ерекше мереке болды. Келушілер дрифт шоуынан, тюнингтелген көліктерден және автоспорттың басқа да қызықты сәттерін тамашалады. Мұндай шаралар Қазақстандағы автомәдениеттің дамуына ықпал етеді және автокөлік әуесқойлары арасында достық байланыстарды нығайтуға көмектеседі.
Толығырақ біздің YouTube арнамыздан көре аласыз.