Соңғы 9 айда Қазақстандағы инфляция Ресейден де жоғары болды
Қазақстанда тауарлар мен қызметтер ақысының өсу көрсеткіші жағынан Ресейден де алға шығып кетті. Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметінше, 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстандағы инфляция 8,7%-ды құрады. Атап айтқанда, ЕАЭО елдері арасында бұл мән Ресейде 8,3%, Беларусьте 5,8%, Қырғызстанда 4,8% құрады.
Осы уақыт аралығында елімізде ақылы қызметтердің бағасы қатты өскен. Ақылы қызметтер жыл ішінде 13,6%-ға қымбаттаған. Ал, Ресейде – 11,6%, Қырғызстанда – 9,3%, Беларусьте-5,6%, Арменияда-3,6% құрады. Осылайша, қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанда ақылы қызметтерге бағаның өсуі Одаққа каіретін басқа елдермен салыстырғанда ең жоғары болып отыр.
Алайда қыркүйек айында Қазақстанда азық-түлік тауарларының бағасы Ресей мен Беларусь елдерімен салыстырғанда қатты қымбаттаған жоқ. Өсім жыл ішінде 5,1%, құрады.
Айта кету керек, тамыз айында тұрғындардың 37,6% (шілдеде – 39,1%) бағаның қатты өскенін байқаған.
Қазақстандықтардың инфляцияға қатысты күтулері тұтастай алғанда шілде айындағы көрсеткіш деңгейінде қалды. Бір ай ішінде баға қатты өселі деп күтетін адамдардың үлесі 17,3-тен 18% -ға дейін өсті.