Өскеменде 5 млн теңгеге “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” жайлы фильм түсірілмек

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Өскеменде 5 млн теңгеге «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» жайлы фильм түсірілмек / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі «Халық үніне құлақ асaтын мемлекет» тұжырымдамасын насихаттайтын фильм түсіруге 5,3 млн теңгелік тендер жариялады.

Фильм 10 минуттық болып, қазақ және орыс тілдерінде дайындалуы қажет.

Фильмнің басты мақсаты – көпшілікке «Халық үніне құлaқ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында жұмыс істеп жатқан институттар туралы ақпарат беру, азаматтарды белсенді диалогқа шақыру және билікпен өзара байланыс орнату. Сонымен қатар фильмде осы жүйенің жетістіктері мен прогрессі, Өскемен тұрғындарының пікірлері көрсетілуі керек.

Айта кетейік, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» идеясы Қазақстан президенті 2019 жылғы Жолдауында алғаш рет айтылған болатын. Бұл тұжырымдама Үкімет пен қоғам арасында ашық және айқын байланыс орнатуды көздейді, сонымен қатар азаматтардың пікірлерін ескере отырып, шешімдер қабылдауға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыз