Қуандық Бишімбаевтың жазасын жеңілдетемін деп ата-анасынан 100 млн пара сұраған әйел 11 жылға қамалуы мүмкін
Астана сотында Людмила Грачеваның ісі бойынша жарыссөз өтті. Бұл әйелге Қуандық Бішімбаевтың жазасын жеңілдетемін деп 100 млн теңге пара алды деп күдік келтірілген болатын.
Оның алдында Людмила Грачева «Қуандық Бишімбаев 1995 жылы жасаған қылмысты ашамын» деп те Бишімбаевтың отбасына хабарласқаны мәлім.
«Әділдік іздеген адам осылай жасар ма еді? Оның ниеті – жәбірленушілердің сеніміне кіріп, ақша табу. Ал оның бұрынғы қылмыс туралы оқиғасы толық ойдан шығарылған», – деді прокурор Азамат Тоқтарбай.
Оның айтуынша, Грачева Бишімбаевтың анасына алқа билерді сатып алуды ұсынып, қылмыс жасауға итермелеген. Мұны филологиялық сараптама анық көрсетіп отыр.
Прокурор бұл әйелді «ірі көлемдегі алаяқтық», «қылмыс жасауға дайындалу» бойынша – 5 жылға, «ірі көлемде пара беру», «арандату» бойынша 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
«Жеңіл жаза ескерілмей қалатын, қатаң жазаны алға тарта отырып, 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», – деді Азамат Тоқтарбай.
Жарыссөздың жалғасы түстен кейін өтетін болды.
Сотталушының мүддесін қорғап жатқан адвокат Оксана Шевченко Людмила Грачеваны толық ақтауды сұрады. Грачеваның өзі де кінәсін мойындамай отыр.
Мұның алдында Президент Тоқаевтың өзі онлайн өткен Бишімбаев сотына қатысты пікір білдірген еді.