Lifestyle

Демалыс күндері бірнеше өңірде қар аралас жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

19-20 қазан ауа райы
Демалыс күндері ауа райы қандай болады? / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

19-20 қазан күндері Қазақстанның көп бөлігінде көшпелі бұлт шығып, Орал, Ақтөбе мен Қызылордада қар аралас жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанып отыр.

«Қазгидромет» агенттігінің ақпаратына сүйенсек, елдің батысында Орал (+10 +12) мен Ақтөбеде (+10 +12) күн райы күрт бұзылып, жаңбыр жауып, найзағай ойнап, арты қарға ұласуы мүмкін. Ал Ақтау мен Атырауда көшпелі бұлт шығады. Температура бағаны Ақтауда +10 +15 аралығында болады.

Оңтүстіктегі ең суық өңір Тараз (+10 +17) болмақ. Қызылорда да ауа райы (+15 +21) бұзылып, қар жауып, найзағай жарқылдайды. Түркістан (+21 +25) мен Шымкентте (+21 +25) көшпелі бұлт шыққанымен, күн райы жылы болады.

Оңтүстік шығыста да көшпелі бұлт жүреді. Алматы (+12 +16), Қонаев (+10 +15), Талдықорған (+11 +17), Семей (+5 +10) қалаларында күн салқындай береді. 

Орталық Қазақстанда да күн райы бірқалыпты болып, көшпелі бұлт жүреді. Астана (+10 +12), Жезқазған (+10 +16), Қарағанды (+8 +13) және Көкшетау (+8 +10) қалаларында ауа температурасы өткен демалыстармен салыстырғанда жоғары болады.

Солтүстікте Қостанай (+8 +10), Павлодар (+9 +12), Петропавл (+8 +10) қалаларында де көшпелі бұлт шыққанымен, күн бұзылмайды. Өскеменде (+3 +5) демалыс күндері бұлтты болады.