Израиль 2023 жылы 7 қазандағы шабуылды ұйымдастырушы Хамас жетекшісін өлтірді

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
хамас
Израиль 2023 жылы 7 қазандағы шабуылды ұйымдастырушы Хамас жетекшісін өлтірді / Фото: pixabay

Израиль әскери күштері Рафахтағы атыс кезінде Хамас жетекшісі Яхья Синвардың қайтыс болғанын хабарлады. Ол 2023 жылы 7 қазанда Израильге басып кіріп, қантөгіс жасаған Хамас операциясының ұйымдастырушысы болған.

The Times of Israel газетінің хабарлауынша, Израиль әскери күштері соңғы апталарда Хамастың жоғары лауазымды жетекшілері жасырынған Газаның аудандарында жұмыс істей бастаған. Синвар жасырынған үйге танк бірнеше снаряд атқан.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Синвар 2023 жылы 7 қазанда Израильге басып кірген Хамас операциясының ұйымдастырушысы. Айта кетейік, осы оқиға кезінде Нир-Оз комуннасында 20 адам қайтыс болған. 80 жуық адамды Хамас тұтқынға алып кеткен. Шабуылдан кейін Газа секторында соғыс басталып, Израиль секторды қоршауға алды. 2023 жылдың өзінде БҰҰ Газаның «балалар мазарына» айналғанын хабарлаған.

Синвардың өлімінен кейін, Ливанның «Хезболла» тобы соғыстың жаңа кезеңі басталғанын хабарлаған. Дегенмен Reuters оның өлімі қақтығысты тоқтатуға мүмкіндік беруі мүмкін екенін де жазған.

Сондай-ақ оқыңыз