Қазақстанда интернет-казино мен букмекерлік кеңселерді жарнамалайтын сайттарды тексеретін болады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қазақстанда интернет-казино мен букмекерлік кеңселерді жарнамалайтын сайттарды тексереді / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қазақстанда интернет-казино және лицензиясыз шетелдік букмекерлік кеңселерді жарнамалайтын сайттар тексеріледі. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады.

Қазақстан Республикасында құмар ойындар саласында лицензиясы жоқ интернет-казино, шетелдік букмекерлік кеңселер және тотализаторлардың заңсыз әрекеттерін анықтау мақсатында уәкілетті орган интернет-ресурстардың мазмұнын жүйелі түрде тексеруді жүзеге асырады.

Жүйелі түрде жүргізілетін тексеріс интернет-казино, шетелдік букмекерлік кеңселер және тотализаторлардың лицензиясыз қызметін анықтау және тіркеуді қамтиды.

Анықталған интернет-ресурстарды арнайы тізімге қосып, олар туралы мәліметтер «Кибернадзор» ақпараттық жүйесіне беріледі. Бұл жүйе арқылы олардың Қазақстан аумағында қолжетімділігі шектеледі.

Еске сала кетсек, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев ойын бизнесі, лотерея қызметі және лудоманияға қатысты заң жобасына қол қойды. Заңға халықтың құмар ойынға тәуелділігін төмендетуге бағытталған шектеуші және ынталандырушы нормалар енгізілген. 

Атап айтқанда, құмар ойындарға/бәс тігуге қатысуына тыйым салынатын адамдар санатының тізімі кеңейтілді. Енді олардың қатарына Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде тұрған тұлғалар қосылды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеу енгізу арқылы жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың құмар ойындарға/бәс тігуге қатысуына шектеу қойылады

Сондай-ақ оқыңыз