Lifestyle

Тұрсынбек Қабатовтың концерттері неге келесі жылға шегерілді?

Тұрсынбек Қабатовтың концерттері келесі жылға шегерілді / фото: instagram.com/tursynbek_kabatov_resmi, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Танымал актер, әзілкеш Тұрсынбек Қабатов өзінің Instagram парақшасында концерттерін келесі жылға шегергенін хабарлады.

Қабатов денсаулығына байланысты ауруханаға түскенін айтты. Алайда денсаулығына қатысты нақты мәлімет берген жоқ.

«Құрметті көрермендер! Денсаулығыма байланысты ауруханаға түстім. Сондықтан 45 жылдығыма жоспарлаған концерттерімді 2025 жылға шегергенімді хабарлаймын! Баршаңызды көретін күнді асыға күтемін!», – деп жазды Кабатов өзінің парақшасында.

Әзілкештің жанкүйерлері оның денсаулығына алаңдаушылық білдіріп, тезірек сауығып кетуін тілеп жатыр.

Айта кетейік, Тұрсынбек Қабатовтың 45 жылдығына арналған концерттер Қазақстан бойынша қараша және желтоқсан айларына жоспарланған еді. Енді концерттер ақпан, наурыз, сәуір айларына ауыстырылды.