Kcell-ді бәсекелестік ортаға сату қажет – Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

Бұл активті жекешелендіруге жататын басқа тізімге қосқысы келеді. Ол тізім жыл соңына дейін әзірленуі тиіс. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров мәлімдеді.
Ол QAMS қауымдастығының: «Агенттік «Қазақтелеком» қатарлық инвесторға «Мобайл Телеком-Сервис» (МТС: Tele2, Altel брендтері) сатқаннан кейін, Қазақстанның нарығын бәсекелестікке қабілетті» деп есептей аламыз ба?» деген сауалына осылай жауап берген.
Омаровтың пікірінше, бұл мәселе бойынша «Самұрық-Қазынаның» ұстанымы маңызды. Бұл қор жақын арада Қазақтелеком SPO өткізе ме, ол жағы беймәлім. Өйткені оған Kcell-дің 51% акциясы тиесілі.
МТС пен Kcell-ді сатқан соң, «Қазақтелеком» мобилдік желінің жинақтаушы активтерінсіз қалып отыр.
Ал «Қазақтелекомның» 80,85% акциясы «Самұрық-Қазынаға» тиесілі.